Ақмола облысында бір күнде 2 әйелді буындырып өлтірген

Фотография - Ақмола облысында бір күнде 2 әйелді буындырып өлтірген

Ақмола облысында екі әйелді өлтірген күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады

271 0

Ақмола облысында екі әйелді өлтірген күдіктілер қолға түсті.  Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 1 қазанында Щучье қаласындағы Дендропарк аумағында буындырып өлтірілген әйелдің денесі табылды. Жедел-іздестіру шарасы барысында оның 21 жастағы Ақкөл қаласының тұрғыны екені анықталды.

Сол күні дәл, осындай оқиға Ерейментау ауданында да орын алды. Мұнда біреудің қолынан ажал құшқан әйелдің 1982 жылы туылғаны және оның ата-ана құқығынан айрылса да, үш баласымен бірге анасының қолында тұратыны белгілі болды.

Осы қылмыстарға байланысты полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын кешенді түрде жүргізіп,  күдіктілерді анықтады.

Бірінші жағдайда 21 жастағы жігіт өзіне таныс қыздан 2015 жылдың тамыз айында ірі көлемде қарызға ақша алған. Алайда,  «ақшаны тез арада қайтар әйтпесе, полицияға хабарласамын» деген қыздың талабынан қорыққан ол оны буындарып өлтіріп тынады.

Ал, екінші жағдайда 25 жастағы жігіт қолға түсті.  Сондай-ақ,  оның бұрын сотты болғаны анықталып отыр. Қазіргі кезде бұл қылмыстың себебі анықталып жатыр.

Осы екі оқиғаға байланысты күдіктілер ұсталып, үстерінен ҚР ҚК 99 бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!