Ауыл фельдшері 17-дегі қызды зорлағаны үшін сотталды

Фотография - Ауыл фельдшері 17-дегі қызды зорлағаны үшін сотталды

Ақтөбе облысында бес бала тәрбиелеп, бір үйді асырап отырған 40 жастағы фельдшер 17-дегі қызды зорлағаны үшін 10 жылға сот жүзінде жаза алды.

520 0

Ақтөбе облысында бес бала тәрбиелеп, бір үйді асырап отырған 40 жастағы фельдшер 17-дегі қызды зорлағаны үшін 10 жылға сот жүзінде жаза алды. Бұл туралы "Диапазон" хабарлады.
Оқиға 23 маусым күні облыстың Әйтеке би кентінде орын алған. Содан бір күн бұрын өзінің төл мерекесін тойлаған фельдшер Сағынай Басқынбаев көрші үйге барады. Есігі ашық тұрған үйге кіргенінде ол төсекте жатқан сол отбасының 17-дегі қызын көреді. Сол бойда нәпсісі оянып кеткен фельдшер оған бірден бас салады. Ол қыздың зорламауды сұрап, қарсыласқанына қарамастан, оны зорлап жібереді. Соңынан үйіне кетіп қалады.
Қыз үйге әке-шешесі келгеннен кейін болған жайды түгел айтып береді. Бұған дейін жыныстық қатынасқа түсіп көрмеген бойжеткеннің ары төгіледі. Ол осы жылы орта мектепті бітіріп, институтқа оқуға түскен екен.
Жасы кәмелетке толмаған қызлы зорлау фактісіне орай жүргізілген сот процесі жабық жағдайда өтті. Сотталушы өзінің сол күні қатты мас болғандығынан ештеңені білмейтінін айтты. Өзі қыз өсіріп отырғандықтан, бұрын педофилдерді өлердей жек көріп келгенін де жеткізді.
Қыркүйектің 29-ы күні істі қараған судья Әжіғалиева айыпталушы Сағынай Босқынбаевты қатаң режимдегі колонияда 10 жыл отыру жазасына кесті.
Үкім әлі күшіне енген жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!