Ақтөбе облысында ҰҚК қызметкері өзіне қол салды

Фотография - Ақтөбе облысында ҰҚК қызметкері өзіне қол салды

Қандыағаш қаласында ҰҚК аудандық бөлім басшысының орынбасары өзін атып өлтірген. 38 жастағы азамат суицидке қызметтік кабинетінде барған.

387 0

Қандыағаш қаласында ҰҚК аудандық бөлім басшысының орынбасары өзін атып өлтірген. 38 жастағы азамат суицидке қызметтік кабинетінде барған, деп жазады Диапазон.
Белгілі болғандай, қайтыс болған азамат ҰҚК Мұғалжар аудандық бөлімінде жұмыс істеместен бұрын облыстық департаменттің Халықаралық терроризм және экстремизммен күрес басқармасына қызмет еткен. 3 қазан күні ол кезекшіні темекіге жұмсап, ешкім жоқ кезде қызметтік қарумен өзін атып өлтіріпті.

Оның артынан әйелі мен екі қызы қалды. Басылымның хабарлауынша, ол 2011 жылы Кеңқияқтағы лаңкестермен күрес операциясына қатысқан екен. Соңғы кезде қызметін Астанаға ауыстыруды жоспарлап жүрген. Ата-анасы мен үлкен қызы біраздан бері елордада тұрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!