Қанат Бозымбаев бопсалау ісі бойынша алдын ала сот тыңтауына келмеді

Фотография - Қанат Бозымбаев бопсалау ісі бойынша алдын ала сот тыңтауына келмеді

Павлодарда облыс әкімін бопсалау ісі бойынша сот тыңдауы жүріп жатыр

674 0

Павлодарда облыс әкімі Қанат Бозымбаевтан ақша бопсалау ісі бойынша сотта алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. Зардап шегуші болып келетін аймақ басшысы отырыста жоқ.

Асқар Бахралинов, Ярослав Голышкин, Нұржан Сүлейменов және Фархат Алиясовқа қатысты қылмыстық іс сотқа осы жылдың 28 қыркүйегінде түсті. Төртеуі де аса ірі көлемдегі қаржыны алдын ала келісіп бопсалау мен ауыр іске кәмелетке толмаған тұлғаны тарту бойынша айыпталуда. Сонымен бірге, Асқар Бахралинов "Тероризм туралы жалған хабарлама беруді ұйымдастыру", Фархат Алиясов оқ дәріні заңсыз сатып алу мен сақтау және есірткі затын заңсыз сатып алу, сақтау мен сату мақсатынсыз тасымалдау айыптары тағылған.

Қанат Бозымбаевтың атынан астаналық адвокат Татьяна Шинкоренко келді. Сотталушыларды бірден бірнеше адвокат қорғайды: Голышкинді Анатолий Утбанов пен Ғалия Ақбердинова; Асқар Бахралиновты Жанкобаев пен Светлана Ковлягина; Нұржан Сүлейменовты – Мұқатаева, Көшкімбаева, Суханкулова; Ал Фархат Алиясовты Надежда Янчук.

Утбанов әкімнің ұлы Дәурен Алдабергеновтың Хафизулинаны зорлауға қатысы бар және оны жауапқа тарту туралы сұраныс жасады. Утбанов тергеуді полицейлер емес, ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері жүргізгеніне наразы. Сондай-ақ, Голышкиннің адвокаты сотты Астана немесе Алматыға ауыстыруды сұрады. Светлана Ковлягина ҚПК бұзылғанын мәлімдеп, істі прокуратураға қайтаруын сұрады.

Утбанова пен Ковлягинаның  сұраныстары қанағатандырылмады. Мемлекеттік айыптаушы Радимхан Дубаева мұны шағымдар басты сот отырысында берілу керектігімен түсіндірді.

Сүлейменовтың адвокаттары соттың жабық түрде өтуін сұрауда, мұны оның қауіпсіздігімен байланыстыруда.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтан ақша бопсалау ісімен ҰҚК қызметкерлері айналысқан. Тергеу барысында осы жылдың мамыр айында куәгерден күдіктіге айналған жергілікті "Версия" апталығының редакторы Ярослав Голышкин қамауға алынды. Кейін полиция әкімнің орынбасары Асқар Бахралиновтың үйіне тінту жасап, оны да қамауға алды. Полицияның бұрынғы қызметкері Алиясов үй қамағында болды. Шілде айында кәсіпкер Нұржан Сүлейменов те үй қамағына жіберілді. Прокуратурада мұны оның тергеумен белсенді істесуімен түсіндірді.

Естеріңізге салайық, бұл іске екі жақтың мәмілеге келуімен жабылған зорлау бойынша іс түрткі болған. Мәліметтер бойынша, бопсалаушылар қолына бұл іске әкім ұлының қатысы бары айтылған қыздың бейнетаспасы түскен. Алайда шілденің соңында Анфиса Хафизуллина өзінің сұхбатында бұл істің кей жайларын айтып беріп, Бозымбаевтың ұлына арызы жоғын айтқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!