Қарағандылық КТЛ директоры соққылар мен стриптизден кейін жұмыстан босатылды

Фотография - Қарағандылық КТЛ директоры соққылар мен стриптизден кейін жұмыстан босатылды

Ата-аналардың айтуынша жоғары сынып оқушылары төменгі сынып балаларын жүйелі түрде ұрып отырған

699 0

Қарағандыдағы оқушылар жаппай төбелескен қазақ-түрік лицейінің директоры жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Today.kz Қарағанды облысының Білім басқармасына сілтеме жасай отырып.

Басқарма мәліметіне сәйкес, лицей тәрбиеленушілері арасындағы ерегіс төбелеске ұласып, нәтижесінде 15 бала зардап шеккен.

Мұның алдында хабарланғандай, қазақ-түрік лицейі оқушыларының ата-анасы оқу орынынң директоры атына хат жолдап, онда жоғары сынып оқушылыры кішілерді ұрып қана қоймай, оларды кемсітіп қорлаған.

"Сіздің мектептеріңізде үлкен сынып оқушылары тарапынан біздің балаларымызды 7 сынып оқушыларын жүйелі түрде соққыға жығу мен кемсіту болып тұратынын хабарлағымыз келеді, - деп жазған ата-аналар директорға жолдаған хатында. – 2 қыркүйекте тағы бір жайт орын алды. 8 сынып оқушылары балаларымыздың кабинетіне кіріп оларды ұра бастаған. Бір баланы стриптиз билетіп қойған, егер ол билесе  бір апта ұрмауға уәде беріп оны қолпаштаған".


Тегтер:

қарағанды ктл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!