Қарағандыда ҚТЛ-де болған оқиғадан зардап шеккен баланың анасы: ұрғандар шенділердің балалары

Фотография - Қарағандыда ҚТЛ-де болған оқиғадан зардап шеккен баланың анасы: ұрғандар шенділердің балалары

Әлімжеттік жасап, қоқан лоқы көрсеткендердің барлығы – бұлар шенділердің, кәсіпкерлердің, шенеуіктердің ұлдары. Олар қазірден заңға бағынбайды.

362 0

"Ол жақ казарма секілді, - дейді оқушының анасы. Жоғары сынып оқушылары жетінші сынып оқушыларынан ақша бопсалайды. Егер біреу қарсылық көрсетсе оны төппештеп ұрып тастайды. Бұл дарынды балаларға арналған мекеме! Мұндайға қалай жол берген? Әлімжеттік жасап, қоқан лоқы көрсеткендердің барлығы – бұлар шенділердің, кәсіпкерлердің, шенеуіктердің ұлдары. Олар қазірден заңға бағынбайды".
Сонымен қатар, Қарағанды қаласының Қазақ-түрік лицейінде оқитын балалардың ата-аналарының айтуынша мектеп инспекторлары бұл жәйтқа бейжай қараған.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысы білім басқармасының берген мәліметінде Қазақ-түрік лицейінде жаппай оқушылар төбелесі орын алып, 15 оқушы зардап шеккен және де қазақ-түрік лицейінің директоры жұмыстан босатылды. Мұның алдында хабарланғандай, қазақ-түрік лицейі оқушыларының ата-анасы оқу орынынң директоры атына хат жолдап, онда жоғары сынып оқушылыры кішілерді ұрып қана қоймай, оларды кемсітіп қорлаған.
Білім басқармасы таяқ жеген оқушылардың ата-аналарымен кездесіп, полицияға шағымдануына кеңес берген.

 


Тегтер:

Қарағанды ҚТЛ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!