Алматы облысының екі тұрғыны Сириядағы әскери қақтығыстарға қатысқаны үшін алты жылға сотталды

Фотография - Алматы облысының екі тұрғыны Сириядағы әскери қақтығыстарға қатысқаны үшін алты жылға сотталды

Алматы облысының ағайынды екі тұрғыны Сириядағы әскери істерге қатысып, ҚР аумағында радикалды идеяларды насихаттағандары үшін алты жылға сотталды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

309 0

Алматы облысының ағайынды екі тұрғыны Сириядағы әскери істерге қатысып, ҚР аумағында радикалды идеяларды насихаттағандары үшін алты жылға сотталды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен. 

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ағымдағы жылдың наурызында Алматы облысының арнайы қызметтері Қарасай ауданының 1973 жылы туған С. есімді тұрғынын ұстады. Ол жихадшылардың қатарында сириялық әскерге қарсы шайқасқанын мойындады.

Тергеу ақпараттарына сәйкес, 2013 жылдың желтоқсанында сотталушы С. Түрік-Сирия шекарасын заңсыз өтіп, "Аль-Каида" халықаралық террористік ұйымының "Абу Убейда жамағаты" тобына кірген. Олардың қатарында оның туған ағасы - 1971 жылы туған Р. күрескен.

Азамат С. ҚР-ға оралып, қаруланған жихад идеяларын насихаттады. Тінту кезінде жедел қызметкерлер оның пәтері мен көлігінен экстремизм белгілері бар кітаптар, дисктер және брошюраларды тәркіледі.

С. жихадқа қатысуға дайындалған. Барлығы 2003 жылы жихад туралы аудио және видеодәрісті тыңдаудан басталған.

С. тергеумен келісімге келіп, істеген ісіне өкініп, қылмыстың өзге сыбайластарын табуға септесті.

Қарасай аудандық сотының үкімдерімен С. мен Р. айыпты деп танылып, әрбірі алты жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың мүлкі тәркіленді. Тергеумен келісімнен басқа, сот олардың кәмелетке толмаған балаларының барын ескерді.  

Ағайындылар жазасын жалпы режімдегі түрмеде өткізеді.

Сот үкімдері заңды күшіне енді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!