Астанада әйел адам "Изумрудный кварталдың" 29 қабатынан секіріп кеткен (сурет)

Фотография - Астанада әйел адам "Изумрудный кварталдың" 29 қабатынан секіріп кеткен (сурет)

"Изумрудный квартал" бірқатар ұлттық компаниялар мен холдингтердің офистері орналасқан бизнес-орталық.

231 0

Астанада "Изумрудный квартал" бизнес-орталығында ТЖ орын алды. Алдын ала болжам бойынша әйел адам 29 қабаттың балконынан секіріп, өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Today.kz тілшісі оқиға орнынан. Бұл туралы куәгерлер мәлімдеді.

Олардың айтуынша, балконда әйелдің етіктері жатқан. Жағдайдың өзге де мән жайы анықталуда.

Астананың ІІД баспасөз хабарламасын дайындап жатқандығын мәлімдеді. Today.kz тілшісі оқиғаның барысын қадағалауда.

"Изумрудный квартал" А санатындағы бизнес-орталық. Онда бірқатар ұлттық компаниялар мен холдингтердің офистері орналасқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!