Алматыда әйел зорламақ болған қылмыскер ұсталды

Фотография - Алматыда әйел зорламақ болған қылмыскер ұсталды

Алматыда ағымдағы жылдың көктемінен бері іздеуде болған 25 жастағы сотталушы ұсталды.

149 0

Алматыда ағымдағы жылдың көктемінен бері іздеуде болған 25 жастағы сотталушы ұсталды.

"2015 жылдың ақпан айында Қостанай облысындағы пробациялау қызметінің бақылауында тұрған 25 жастағы сотталушы жазасын (адам зорламақ әрекеті үшін шартты түрде екі жыл) өтеуден жалтарып, белгісіз бағытқа ізін суытқан. Кейіннен Қостанай облысының Меңдіқара аудандық соты оған іздеу жариялады. Сол уақыттан бері іздеу шаралары тоқтатылған жоқ. Бүгінде ҚАЖ қызметкерлері қылмыстық полициямен бірлесіп «қашқынның» ізіне шығып, оны Алматыда ұстады", - деп атап өтті әңгімелесу барысында Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өкілі Динара Молдабаева.

"Ұсталған ер адамның балалар үйінде тәрбиеленгенін, пробациялау қызметінің есебінде тұрған кезде ҚАЖ қызметкерлерінің оған жеке басын куәландыратын құжатты алуға көмектескенін, сондай-ақ жұмысқа орналастыру мәселесі шешіліп отырғанын атап өту керек", - деп қосып айтты Д.Молдаханова. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!