Ақтау қаласындағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде 15 адам құтқарылды

Фотография - Ақтау қаласындағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде 15 адам құтқарылды

Астана уақытымен сағат 2:25-те Маңғыстау облыстық ТЖД бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасына Ақтау қаласындағы 4-ші шағынаудандағы 7-ші үйдің 8-ші қабатында пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен

303 0

Астана уақытымен сағат 2:25-те Маңғыстау облыстық ТЖД бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасына Ақтау қаласындағы 4-ші шағынаудандағы 7-ші үйдің 8-ші қабатында пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Әдеттегідей, баспалдақ алаңында құрылыс қоқысы, сондай-ақ үй заттары тұрған. Оның барлығы өртеніп кетті. Баспалдақ алаңы толықтай, пәтер ішінара бүлінген. Оның кіреберіс есігі, салқындатқыш, үй заттары жанып кеткен. Өрт аумағы 12 шаршы метрді құрады, пәтердің жалпы ауданы - 36 шаршы метр, кіреберістің ауданы - 70 шаршы метр болған", - деп баяндады Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Гүлнәр Қожабекова.

Оның айтуынша, өрт сөндіру қызметі оқиға орнына сағат 2:33-те келіп жеткен. 34 минуттан кейін өрт ауыздықталып, сағат 3:25-те толық жойылды.

Өрт сөндіру кезінде 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды, араларында 10 бала болған. 15 адам құтқарылды,  ішінде 5 бала бар. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бірақ оқиға орнында үйдің 3 тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Өртті сөндіруге Маңғыстау облыстық ТЖД жеке құрамының 22 адамы мен 8 техника бірлігі, соның ішінде 2 автобаспалдақ жұмылдырылған. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!