Шымкентте мектеп спортзалындағы атыс ісі бойынша сот басталды

Фотография - Шымкентте мектеп спортзалындағы атыс ісі бойынша сот басталды

Судья елді дүрліктірген істің егжей-тегжейін айтып берді

193 0

Шымкенттің Арнайы қылмыстық сотында өзінің әріптесін өлтірді деп күдіктелген ауылдық футбол жатықтырушысы Ғани Қадыровқа қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

Бұдан басқа Арыс ауданының Ақдала ауылының 34 жасар тұрғынына тағы бірнеше айып, оның ішінде "Өлтіруге оқталу",  "Бұзақылық", "Заңсыз қару сақтау" және "Заңсыз бостандықтан айыруға әрекеттесу" айыптары тағылды.

Қылмыстық істің мәліметтері бойынша, Наурызды тойлау кезінде сотталушы мектеп спортзалында оқ атқан. Нәтижесінде бірнеше адам жарақат алған. бәрі спорттық даудан – екі жаттықтырушы болашағы бар ойыншыны бөлісе алмаудан басталған. Қайтыс болған Бағдат Үсенов Ғани Қадыровты соққыға жыққан-мыс, сол үшін өлтірілген. Судьяның сөзінше қаза болған адамды мылтық пен тапаншадан аямай атқылаған.

"22 наурызда сағат 10 да Қадыров өзінің жодастарын (туыс болып келетін Бақтияр Башкеев пен Сабыр Есетханұлын) шақырған, винчестер мен травматикалық қарумен қаруланған олар сол мектепке барған, - дейді судья Абинұр Қарабаев. – Ол кезде онда волейболдан өзге жарыс өтіп жатқан. Үшеуі келіп, Үсеновты тауып алған. Ол спортзалға қарай қашқан, алайда Қадыровтың жолдасы алдынан шығып, мылтықпен атқан. Үсенов құлаған, оған Қадыров жақындап, аяғынан атып екі аяғын да жаралаған. Олар оны қатты жаралаған, алайда, ол кезде өлтірмеген".

Үсеновты атып жатқанын оның досы көрген, ол спортзалға қарай қашқан, алайда қаруланған қылмыскерлер оны қуып, топтасқан адамдарға қарай оқ атқан. Залдағы адамдар есікке қарай ұмтылған, ретсіз атыстан 15 жасар оқушы Бағдәулет Бақытұлы арқасынан жарақат алған.

"Ақдала ауылының тұрғыны Рақымбердиев те айғайды естіп, спортзалға не болғанын білу үшін барған. Қарсы алдынан Қадыров шығып, оның бетінен травматикалық қарумен атқан – еш себепсіз. Рахымбердиев уақытында көмек жасалғанның арқасында ғана тірі қалған. Спортзалдан шығып, олар жаралы Үсеновты басынан атып өлтірген", - дейді Абинур Қарабаев.

Естеріңізге салсақ, оқиға осы жылдың 22 наурызында орын алған. Ол кезде ауыл тұрғандырының журналисттерге айтқан сөзінше, жылдар бойы ауылды дүрліктірген үш жігіт бір топ адам болған спортзалда оқ атқан.

Айта кетейік, тергеу кезінде сотталушының қатысы бар мұның алдындағы қылмыстар анықталды. Мемлекеттік айып материалы бойынша, 2011 жылы Қадыров травматикалық қарудан адамды жаралаған, 2012 жылы – қылмыс жасауға итермелеген, ал 2013 жылы ауылдасын дұрыс амандаспағаны үшін соққыға жыққан.

Ғани Қасымовтың тағдырын алқа соты шешеді. Оның сыбайластары мен туыстары Бақтияр Башкеев пен Сабыр Есетханұлы қашқында жүр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!