Астанада әйелді қағып өлтірген күзеттің бұрынғы қызметкері 2,5 жылға сотталды

Фотография - Астанада әйелді қағып өлтірген күзеттің бұрынғы қызметкері 2,5 жылға сотталды

Зардап шегуші жаққа ол үш миллионнан артық қаражат төлеуі керек

263 0

Астананың №2 Алматы аудандық соты 5 тамызда Қошқарбаев көшісінде 35 жасар Олеся Владимировнаны қағып өлтірген ҚР ІІМ мемлекеттік күзет полкінің инспекторы, полиция лейтенанты Жеңісбек Ғаппаровқа қатысты үкімін шығарды, деп хабарлайды Today.kz.

"ҚР ҚК 351-бабының 2-тармағы бойынша Ғаппаровқа екі жыл алты ай мерзімінде бас бостандығына айыру жазасын тағайындалады. Мерзімін өтеу қоныс колониясында өтеледі. Сонымен қоса, Ғаппаров жүргізу құқығынан бес жылға айырылады", - деді судья Айжан Құлжанова.

Сонымен бірге, зардап шегушінің азаматтық шағымы өтелді. "Ғаппаровтан Владимировтың пайдасына маралдық шығын – 970 мың 800 теңге, өкілдік шығын – 140 мың теңге, моралдық шығын – екі миллион теңге өтемақы алынсын. Барлығы үш миллион 122 мың 899 теңге. Сонымен қоса сотталушыдан сараптама жүргізуге 48 мың теңге алынды", - деп қосты Құлжанова.

Естеріңізге салсақ, 5 тамызда Астанада Қошқарбаев көшесінде ЖКО орын алды, нәтижеіснде екі баланың анасы Олеся Владимировна қаза болған. Оны қаққан Daewoo Nexia көлігін Жеңісбек Ғаппаров басқарған.

Сот отырысы кезінде сотталушы кінәсін мойындап, туыстарынан кешірім сұраған. Өз кезегінде қайтыс болған әйелдің күйеуі кешірім беруге дайын емес екендігін және кінәліге ең қатаң жаза бес жылға соттауды сұраған.

Кейін, зардап шегуші жақтың адвокаты полициядан алған құжаттарды жариялаған, онда Ғаппаров жылдамдық режимін бірнеше рет бұзғаны көрсетілген.

Қайтыс болған әйелдің жақындары моральдық және материалдық шығынды 11 миллион теңге деп бағалаған. Ғаппаровтың өзі сот отырысы кезінде өзін ұстай алмай, көзіне жас алған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!