Ресейде іздестірілген үш қылмыскер Ақмола облысында ұсталды

Фотография - Ресейде іздестірілген үш қылмыскер Ақмола облысында ұсталды

Ақмола облысында Ресей Федерациясында іздестіріліп жүрген үш қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

228 0

Ақмола облысында Ресей Федерациясында іздестіріліп жүрген үш қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ақмола облысының аумағында "Іздеу" жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Қылмыстық полицияның қызметкерлері шараның бірінші күнінде төрт қылмыскерді қолға түсірді. Олардың арасындағы үшеуін бірқатар қылмыстарды жасағаны үшін Ресей Федерациясының ішкі істер органдары іздеген.

Сондай-ақ жедел-алдын алу шарасы барысында Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын заңсыз өткені үшін 2010 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде болған Қазақстанның 31 жастағы азаматы ұсталды.  Ер адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхатын толтыру түріндегі бұлтартпау шарасы алынды. Осы уақытқа дейін оның Ақмола облысындағы Заводской кентінде анасымен бірге тұрғаны, ешқайда жұмыс істемегендігі анықталды.

Бурабай ауданының полицейлері Ресейдің Түмен облысында қарақшылық жасағаны үшін іздеуде болған Қазақстанның 35 жастағы азаматын ұстады. Күдікті 2013 жылдың қазан айынан бастап іздестірілген.

"Іздеу" жедел-алдын алу шарасы ТМД мемлекеттері ІІБ келісуімен өткізілуде, бұл қылмыскерлерді іздеу тиімділігін арттыруға бағытталған. Аталған шара 2015 жылдың 8 қазанына дейін жалғасты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!