БҚО-да іздеуде жүрген 7 күдікті екі күн ішінде анықталып, ұсталды

Фотография - БҚО-да іздеуде жүрген 7 күдікті екі күн ішінде анықталып, ұсталды

7-8 қазан күндері ТМД елдері ішкі істер органдары бірлесіп жүргізген "Іздестіру" шарасы кезінде БҚО ІІД бөлімшелері іздестірілуде жүрген 7 күдіктіні анықтап, ұстады

234 0

7-8 қазан күндері ТМД елдері ішкі істер органдары бірлесіп жүргізген "Іздестіру" шарасы кезінде БҚО ІІД бөлімшелері іздестірілуде жүрген 7 күдіктіні анықтап, ұстады.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Зеленов ауданы Дариян ауылының 32 жасар тұрғынына алаяқтығы үшін іздеу салынған болатын. Приурал полиция бөлімі мен Самара облысы ішкі істер органдарының бірлескен іздестіру шаралары барысында алаяқ Тольятти қаласында қолға түсіп, сондағы уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Енді оны Қазақстанға қайтару мәселесі шешілуде.

Бұған қоса батысқазақстандық полицейлер ТМД елдері ішкі істер органдары іздестіріп жүрген 6 күдіктіні тапты. БҚО ІІД іздестіру бөлімі мен Абай полиция бөлімі қызметкерлері Ақтау қаласында Оралдың 40 жасар тұрғынын ұстады. Оны Ресейдің Пермь өлкесі ішкі істер басқармасы РФ ҚК 160-бабы 2-бөлімі бойынша (бөтеннің мүлкін иемдену және рәсуалау) іздестірген.

Башқұртстан ішкі істер министрлігі қасақана ауыр дене жарақатын салғаны үшін Орал қаласының тұрғыны, 23 жасар Қазақстан азаматына іздеу жариялаған. Оны ұстауға да БҚО департаменті мен Орал қаласының сақшылары қатысты.

Қазталов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Қошанкөл ауылының 1963 жылғы және Қайыңдының 36 жасар тұрғынын тұтқындады. Олар көршілес Саратов облысының Новоузен ауданында ұрлық жасаған.

Бөрлілік полицейлер Ақсайда осы қаланың 1973 жылғы тұрғынын қолға түсірді. Оны Армениядағы Иджеван ішкі істер бөлімі әскерде қызмет етуден жалтарғаны үшін іздестірген.

Өзбекстандағы Ташкент облыстық ішкі істер басқармасы Ақсай қаласының 1987 жылғы тұрғынын автокөлік айдап кеткені үшін іздестірген. Ол да алысқа ұзаған жоқ.

Күдіктілердің ұсталғаны жөнінде іздеу салушыларға хабарланды.

Айта кетейік, аталмыш шара кезінде облыста хабар-ошарсыз кеткен төрт адамның мекенжайы анықталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!