Таразда полиция бөлімі басшысының экс-орынбасары зорлық туралы істі жабу үшін пара алған

Фотография - Таразда полиция бөлімі басшысының экс-орынбасары зорлық туралы істі жабу үшін пара алған

Тараз қалалық № 2 соты қалалық ІІБ полиция бөлімі басшысының орынбасарына қатысты қызметін асыра пайдалану бойынша қылмыстық істі қарады

444 0

Тараз қалалық № 2 соты қалалық ІІБ  полиция бөлімі басшысының орынбасарына қатысты қызметін асыра пайдалану бойынша қылмыстық істі қарады.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық іс материалдарына қарағанда Тараз қ. ІІБ ПБ-1 басшысының орынбасары Айдар Рахымбердиев қол астындағы қызметкері Т.А. арқылы зорлау оқиғасы бойынша  ұсталған екі адамның туыстарынан оларды босатуға жәрдемдесу үшін 200 000 теңге көлемінде пара алған. Алайда бұл оның құзырында болмаған.

Аталған факті бойынша күдіктілердің туыстары қалалық прокуратураға шағымданған. Бұл күні бөлім бастығы орынбасарының қол астындағы қызметкерлері Т.А және Д.М. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Жамбыл облыстық департаментіне бөлім басшысының орынбасары заңға қайшы әрекет еткенін айтып шағымданды. 

Осыдан кейінгі Т.А. және Д.М.-ның  А. Рахымбердиевпен әңгімесі диктофон мен телефонға жазылды.

Сот А. Рахымбердиевті ҚР ҚК  362 бабы 2 бөлімі бойынша айыпты деп танып, оған 1000 АЕК, яғни 1 982 000 теңге көлемінде айыппұл салды. Сонымен қатар ол   полиция подполковнигі атағынан, өмір бойына мемлекеттік қызметте болу құқығынан айырылды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!