Алматыда белгісіз біреу танымал журналисті аяусыз тепкінің астына алған (видео)

Фотография - Алматыда белгісіз біреу танымал журналисті аяусыз тепкінің астына алған (видео)

Алматыда белгісіз біреулер танымал журналист және блогер Бота Жұманованы аяусыз соққыға жықты.

204 0

Алматыда белгісіз біреулер танымал журналист және блогер Бота Жұманованы аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды dixinews-ке сілтеме жасап nur.kz.

"Бойжеткенге бейсенбі күні үйінің кіреберіс есігін ашып жатқанда спорттық киімдегі ер адам тап берген. Ол журналистің арт жағынан жүгіріп келіп, басынан тоқпақтап, кейін жерге жатқызып алып аяусыз тепкінің астына алған. Осыдан кейін ол ешбір затқа тиместен оқиға орнынан қашып кеткен. Болған жайттың барлығы бейнебақылау камерасына жазылып қалған", – деп келтірді зардап шеккен журналист досының сөзін ҚазТАГ.

Қазір Бота нейрохирургиялық клиникада жатыр. Туыстары мен достары жасалған шабуылдың оның мамандығымен қатысы барын жоққа шығармайды.

"Бота үнемі мемлекеттің экономикалық проблемаларына қалам сермеп жүрген. Тіпті мемлекет қаржысы жымқырылып жатқан ірі мемлекеттік жобаларды сынға алған. Соңғы уақытта ол мемлекеттік-жеке серіктестік аясындағы жемқорлықты зерттеумен айналысқан. Оған егер банктер сыпайы түрде өздерінің наразылығын білдіріп жатса, ал кейбір өндірістік компаниялар сотпен қорқытып жүрген. Алайда олар ешқандай “сылтау” таппаған соң сотқа бере алмады. Сондай-ақ, олар өз өндірісіндегі нағыз кемшіліктерді жария етуден қорықты", – дейді зардап шегушінің досы.

Алматы полициясы бейнекамерға жазылып қалған жазбаны алып, тексеріс жүргізе бастады. Алайда Ботаның өзіне хабарласу әзірше мүмкін болмай тұр деп жазды басылым.

2014_11_03__11_55_10__525



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!