Түркістанда әйелін қызғанған ер азамат бір отбасын қырып салды

Фотография - Түркістанда әйелін қызғанған ер азамат бір отбасын қырып салды

Түркістан қаласында отыз жастағы жергілікті тұрғын әйелін қызғанып, 4 адамды атып өлтірді. Тағы екі адам ауыр дене жарақаттарымен жансақтау бөлімінде жатыр.

337 0

Түркістан қаласында отыз жастағы жергілікті тұрғын әйелін қызғанып, 4 адамды атып өлтірді. Тағы екі адам ауыр дене жарақаттарымен жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. 

Күдікті алдымен әйелін, бес жасар қызы мен өзінің екі бауырын атып өлтірген. Оқ, 1963 жылы туған анасы мен алты жасар баласына да тиген. Олар қазір қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары өте ауыр. Күдікті өзін өлтірмекші болған. Алайда, дәрігерлер оны аман алып қалды және қазір ол да жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. 


Тегтер:

Түркістан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!