Жамбыл облысында қарттар үйінің директоры мас күйінде жол-көлік апатын жасады

Фотография - Жамбыл облысында қарттар үйінің директоры мас күйінде жол-көлік апатын жасады

Талас аудандық сотында мас күйінде жол-көлік апатын жасаған Қаратау қаласындағы қарттар мен мүгедектер үйінің директоры А.Райымбековке қатысты қылмыстық іс қаралды.

464 0

Талас аудандық сотында мас күйінде жол-көлік апатын жасаған Қаратау қаласындағы қарттар мен мүгедектер үйінің директоры А.Райымбековке қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес А.Райымбеков мас күйінде "Тойота" автомашинасының руліне отырып, ВАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы болған жерді қарау барысында А.Райымбековтің көлік құралын басқаруға құқығы болмағаны анықталды, ол өткен жылы үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Сотта сотталушы өз айыбын толық мойындады.

Талас аудандық соты А.Райымбековті ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлімі 346-бабында (көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның мас күйінде көлік құралын басқаруы) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп таныды және оған 26 АЕК мөлшерінде, яғни 51 532 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады және үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Апеляциялық сот алқасы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Қаулы заңды күшіне енді.  

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!