Журналисті соққыға жыққан бұзақы туралы мәліметтің сыйақысы 500 мың теңгеге жетті

Фотография - Журналисті соққыға жыққан бұзақы туралы мәліметтің сыйақысы 500 мың теңгеге жетті

Белгісіз ер адам соққыға жыққан Ботагөз Жұмановаға көмек қолын созғысы келетіндер көбейіп келеді.

375 0

Белгісіз ер адам соққыға жыққан Ботагөз Жұмановаға көмек қолын созғысы келетіндер көбейіп келеді.

Бұл туралы алматылық кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов өзінің жеке парақшасында жариялады. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

"Ботагөз Жұманованың ісіне қатысты Алмалы аудандық полициясымен хабарластым. Олардың сөзінше (полицейлер),  жақсы сыйақы тағайындалса қаскөйді көрсетіп берушілер табылып, тергеу жұмысының жылдамдатуына көмектеседі. Бұл іске бей-жай қарай алмайтын жандар менің жазбаларымды бөлісіп, Ботаны ұрған бұзақыны табу үшін ақша ұсынып жатыр. Қазірдің өзінде сыйақының көлемі 500 мың теңгеге жетті", – делінген кәсіпкердің парақшасында.

Бұдан бұрын ол аталған іске қатысты қандай да бір нақты мәлімет берген азаматқа өзінің жеке компаниясының атынан 100 мың теңге сыйақы беретінін жариялаған болатын.

Ал бүгін оңбай таяқ жеген журналист Ботагөз Жұманова достары мен жақындарына арнап арнайы дауыс жазбасын таратты.

"Барлығыңа сәлем. Қазір емделіп жатырмын. Бірақ басымда әлі шуыл бар. Мен Майқұдықтанмын, біз оңайшылықпен берілмейміз. Барлық қолдау көрсетушілерге үлкен рахмет айтқым келеді. Қазір мен барлық сұраққа жауап беретіндей халде емеспін. Бірақ сіздердің қамқорлықтарыңызды сеземін. Тек тергеу жұмыстары тез әрі нәтижелі жұмыс жасайды деп үміттенем. Бар жаңалықты солардан күтейік", – деген ол.

Естеріңізге сала кетсек, блогер, журналист Ботагөз Жұманованы 8 қазан күні кешке тура үйінің алдында соққыға жығып кеткен еді. Басбұзардың барлық әрекеті тұрғын үйге орнатылған бейнекамераға жазылып қалған.

Қазір журналист қалалық аурухананың бірінде нейрохургия бөлімінде ем қабылдауда.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!