Ақмола облысында жекеменшік үйлерде болған өрттен екі адам көз жұмды

Фотография - Ақмола облысында жекеменшік үйлерде болған өрттен екі адам көз жұмды

Ақмола облысында жекеменшік үйлерде болған өрттен екі адам ажал құшты. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады

114 0

Ақмола облысында жекеменшік үйлерде болған өрттен екі адам ажал құшты. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

ТЖД мәліметі бойынша алғашқы жағдай қазанның 9-ы күні кешкі 21:30 шамасында Ақкөл ауданының Урюпинка ауылында орын алған.  Мұнда жеке меншік тұрғын үй толығымен жанып кеткен. Оқиға орнынан үй иесі, 1968 жылғы Сергей Пудьконың денесі табылды.

Сол күні 23:11 минут шамасында Есіл ауданындағы Калачи ауылында да жекеменшік тұрғын үй өртке оранған.  Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 9-ӨБ жеке құрамынан 6 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы мен ауыл тұрғындары тартылды. Оқиға орнынан 1952 жылғы Алексей Соводкиннің денесі табылды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!