Алматы полициясы ірі есірткі партиясын тәркіледі

Фотография - Алматы полициясы ірі есірткі партиясын тәркіледі

Алматы полицейлері "Көкқайнар" шағын ауданында 2,6 келі марихуана сақтаған ер адамды қолға түсірді.

246 0

Алматы полицейлері "Көкқайнар" шағын ауданында 2,6 келі марихуана сақтаған ер адамды қолға түсірді.

"Тәртіп сақшылары "Көкқайнар" шағын ауданында орналасқан стационарлы экологиялық бекетте 27 жастағы жергілікті тұрғыннан 2 келі 673 грамм марихуана тәркіледі", - деп мәлімдеді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, күдікті бекетте құжат тексерісі үшін тоқтатылған көліктердің бірінде жолаушы ретінде отырған. Тексеру барысында ер адамның іс-әрекеті тәртіп сақшыларының сезігін туғызған.

Күдіктіні тексеру барысында сөмкесінен марихуана салынған үш полиэтиленді пакет табылды. Ұсталған ер азамат бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда Алатау ауданы ІІБ есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

 

BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!