ОҚО-да жол апатынан 2 полицей қайтыс болды

Фотография - ОҚО-да жол апатынан 2 полицей қайтыс болды

Бүгін таңғы сегіздер шамасында Шымкент-Шаян тас жолының Сайрам ауданына қарасты бөлігінде ірі жол көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан екі полицей көз жұмды

309 0

Бүгін таңғы сегіздер шамасында Шымкент-Шаян тас жолының Сайрам ауданына қарасты бөлігінде ірі жол көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан екі полицей көз жұмды. Оқиғаға кінәлі 20 жастағы жергілікті тұрғын "Тойота-Камри" көлігімен жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, тәртіп сақшылары отырған "Тойота-Карина" көлігіне соқтығысқан деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қайтыс болған полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің 1977 және 1978 жылы туған қызметкерлері, екеуі де қызметтік іс-сапарға кетіп бара жатқан.

Ал, "Тойота-Камри" көлігінің жүргізушісі мен жанында болған 1997 жылы туған бойжеткен түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!