Көкшетау тұрғыны күйеуін өлтіруге жалдаған киллерден құрбанының құлағын кесіп әкелуді талап етті

Фотография - Көкшетау тұрғыны күйеуін өлтіруге жалдаған киллерден құрбанының құлағын кесіп әкелуді талап етті

54 жастағы тұрғын күйеуімен 31 жыл бойы тұрып келіп, оны өлтіруге бел буды.

522 0

Көкшетау тұрғыны 30 жыл бойы бірге тұрған күйеуін өлтіру үшін киллер жалдады. Өлгеніне көз жеткізу үшін ол киллерден мәйіттің фотолары, ұялы телефоны мен кесілген құлағын әкелуді талап еткен.
Бұл туралы "Экспресс К-ға" сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

54 жастағы тұрғын күйеуімен 31 жыл бойы тұрып келіп, оны өлтіруге бел буды.

Ол ойын іске асыру үшін киллер іздестіре бастаған. Жалдамалы кісі өлтірушіні іздестіріп жатқанын полицейлер біліп қойып, әйелге қылмыскердің рөлін сомдайтын өз қызметкерін жібереді.

Кездесу кезінде тапсырыс беруші күйеуінің өмірін 200 мыңға бағалап, оны өлтірудің егжей-тегжейін қымсынбастан талқыға салған. Өлтіргеніне дәлел ретінде әйел мәйіттің фотосын, кесілген құлағын және ұялы телефонын талап еткен.

Келісілген күні "кісі өлтіруші" оған «құрбанның» екі фотосы мен ұялы телефонын алып келеді. 100 мың теңгені беріп жатқан әйелді полицейлер сол жерде құрықтады.

Сотта ол өз ісіне еш өкінбеді. Айыпталушы кісі өлтірушіні жалдап, өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!