Алматыда ер адамды көлік қағып кетті

Фотография - Алматыда ер адамды көлік қағып кетті

Алматыда Жансүгіров көшесінде 35 жастағы азаматты жеңіл автокөлік қағып кетті.

501 0

Алматыда Жансүгіров көшесінде 35 жастағы азаматты жеңіл автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Lada Priora" көлігінің 34 жастағы жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған жас жұпты кеш байқап қалған. Жаңбырдан кейінгі дымқыл асфальтта автокөлікті дер кезінде тоқтату мүмкін болмаған.

"1980 жылғы азамат оқиға орнында мерт болды, ал 24 жастағы жүргінші ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сот тергеуі басталды", - деп мәлімдеді Алматы ІІД баспасөз қызметінен.

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!