Алматыда 8 кәсіпорын мүлде өмірде жоқ адамның атына тіркелген

Фотография - Алматыда 8 кәсіпорын мүлде өмірде жоқ адамның атына тіркелген

Алматыда 8 кәсіпорынның тіркеуі жарамсыз деп танылды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

257 0

Алматыда 8 кәсіпорынның тіркеуі жарамсыз деп танылды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуратурасы мемлекетке келтірілген шығын түрінде 1 216 244 099 теңге өндірді.

Оның ішінде жалған кәсіпкерлерді әшкерелеу бағытында атқарылған жұмыс нәтижесінде 329 756 981 теңге өтелді. Осы уақыт аралығында мүлде өмірде жоқ адамның атына тіркелген 8 кәсіпорынның мемлекеттік тіркеуі сотпен жарамсыз деп танылды.

Жетісу ауданы прокуратурасы жеке санаттағы салық төлеушілердің табысын төмендетіп көрсететінін анықтады.

10-нан аса кәсіпорын тұрақты табысы бола тұра салық кезеңі декларациясында кемітілген көрсеткіштерін ұсынған. Аталған деректер бойынша аудандық мемлекеттік кіріс басқармасына ұсыныс еңгізіліп, қарау нәтижесімен мемлекеттік бюджетке 685 355 149 теңге толықтырылды.

Жалпы, осы жылдың басынан бері аудан прокуратурасы және уәкілетті органдармен мәжбүрлеу шаралары бойынша 6,5 млрд. теңгеден астам салық қарызы өндірілді.

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!