Алматыда трамвайдың қатысыуымен кезекті ЖКО орын алды

Фотография - Алматыда трамвайдың қатысыуымен кезекті ЖКО орын алды

Жолаушылар отырған трамвай кемінде алты көлікке соғылған, әйел адам зардап шекті

645 0

Алматыда жолаушылар отырған  басқарусыз трамвай тоғыз көлікке соқтығысқан, әйел адам зардап шекті, деп жазады Today.kz.

Куәгерлердің айтуынша, трамвай Мақатаев көшесімен батысқа қарай жүріп бара жатып, Сейфулин көшесіне жетпей тоқтаған.

"Трамвай тоқтай алмады, ұшып өтті, "Джип" пен тағы бір көлік ұшып кетті. Ол қайда тоқтағанын білмейміз", - дейді куәгер.

Жолаушылардың сөзіне қарағанда, жүргізушісі – 45-50 шамасындағы әйел адамға трамвай өшіп қалғандықтан, одан шығуға тура келген. Трамвайды жөнедуге кірісіп, ол трамвай сыртында тұрып, ішіндегі жолаушыға тежеуіш батырмасын басуды сұраған. Жолаушылардың пайымдауынша, ол әйел батырманы шатастырып, "газды" басып жіберген, содан трамвай алға жүйіткіп, жолдағы көліктерге соқтығысқан.

Трамвай Байтұрсынов көшесіне дейін барып, жүріп келе жатқан көлікті соққан, өз кезегінде ол басқа көлікке соқтығысқан.

Today.kz, тілшісі анықтағандай, жүргізушінің аты-жөні – Гаухар Тұрсынова, оның трамвай жүргізуде үш жылдық өтілі бар.


"Бұл менің кінәм: мен қызды батырманы басуды сұрадым, қайсысын екенін жаттап алуды сұрадым, ол "иә" деді. Мен шықтым, сосын қате басты – шатастырып алды. Мен айғалайдым: "стоп, стоп!" деп,  ол жүріп кетті. Менде міне өтілім үш жылға толады, үзіліссіз үнемі жұмыс істегенмін", - дейді трамвай жүргізушісі.

Зардап шекен әйелді жедел дәрдем алып кетті.






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!