ТМРА экс-басшысы Мұрат Оспанов айыппұлды толығымен төледі

Фотография - ТМРА экс-басшысы Мұрат Оспанов айыппұлды толығымен төледі

Бұрынғы шекеунікке қатысты орындаушы өндіру тоқтатылды

356 0

ТМРА бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов миллиардтық айыппұлды толығымен төледі, деп жазады Today.kz Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ағымдағы жылдың 12 қазанында мемлекет пайдасына сотталушы Мұрат Оспанов салынған айыппұлды толық колемде төледі деп хабарланған. "Осы себепті, М. Оспановқа қатысты негізгі жаза толығымен өтелді. 2015 жылдың 12 қазанында М. Оспановқа қатысты орындаушы өндіріс тоқтатылды" – делінген сот хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 13 ақпанында Астананың Арнайы ауданаралық қылмыстық сотының шешімімен Мұрат Оспанов ҚР ҚК 311-бабының, 5 тармағы "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша сотталған. Қылмыстық заңнаманы жеңілдету бойынша мемлекеттік саясатқа байланысты Оспановқа 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сонымен бірге, М. Оспановтың жеке өзінің мүлкі тәркіленді және кассациялық сот  алқасы оған қатысты қосымша жазаға қатысты үкімді өзгертті. Атап айтқанда, кассациалық сот шешімімен, ол 7 жылға мемлекет қызметте пен жергілікті өзін басқару органдарында қызмет істеу құқығынан айырылды.

Астана қаласының Есіл ауданының №2 сотының үкімімен 2015 жылдың 16 наурызында сотталушы Мұрат Оспановқа Астана қаласының Арнайы ауданаралық қылмыстық соты тағайындаған айыппұлды төлеу мерзімі алты айға ұзартылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!