Астанада мотоциклшіні соғып өлтірген КамАЗ жүргізушісі 4 жылға сотталды

Фотография - Астанада мотоциклшіні соғып өлтірген КамАЗ жүргізушісі 4 жылға сотталды

Апат салдарынан скутер жүргізушісі көз жұмды

402 0

Астанада мотоциклшіні соғып өлтірген КамАЗ жүргізушісі 4 жылға сотталды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен. 

Астана қаласы №2 Алматы аудандық сотының 2015 жылғы 12 қазандағы үкімімен КамАЗ жүргізушісі ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылы 30 маусымда жүргізуші К. "КамАЗ 5410" маркілі жүк көлігін басқарып, Қобыз-Төлебаев көшелерінің қиылысында жолда жүру ережесін бұзып, Төлебаев көшесінің бойымен Еділ көшесіне қарай бара жатқан скутер жүргізушісін соққан болатын.

Апат салдарынан скутер жүргізушісі көз жұмды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!