Петропавлда көктайғақтан жол-көлік оқиғалары жиіледі

Фотография - Петропавлда көктайғақтан жол-көлік оқиғалары жиіледі

Петропавл қаласының көшелері көктайғаққа айналды.

353 0

Петропавл қаласының көшелері көктайғаққа айналды.

Кеше күні бойы жауған қар еріп, түнде қатып қалған. Соның салдарынан жол-көлік апаттары жиілеп, құлап-сүрінгендер де арта түскен. Табиғаттың тосын мінезі жол қозғалысын қиындатып, жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып отыр. Коммуналдық қызмет таңғы төрттен бері жол бойына құм сеуіп әуре. Дегенмен сақтықта қорлық жоқ. Жүргізушілер жаппай дөңгелек ауыстыру орындарына ағылып жатыр. Қазір сынап бағанасы нөлдің маңайында.

Әбілсейіт Жолаушин, облыстық ІІД ӘПБ аға инспекторы:

- Таңғы жетіден жедел басқару орталығына 6 шақырту келіп түсті. Жол-көлік оқиғалары жылдамдықты асыру және арақашықтықты сақтамаудан болды. Зардап шеккендер жоқ.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!