Алматыда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Фотография - Алматыда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Өрт туралы алғашқы хабар "101" кезекші бөліміне бүгін түстен кейін 16 сағат 16 минутта келіп түскен.

326 0

Бүгін Алматыда Бостандық ауданында  орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бесінше қабатынан өрт шықты. Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Сандуғаш Баймұханбетова хабарлады.

Оның айтуынша, өрт туралы алғашқы хабар "101" кезекші бөліміне бүгін түстен кейін 16 сағат 16 минутта келіп түскен.

"Өрт туралы хабар келіп түскен соң, артынша оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді. Мәлім болғандай, Тимирязев көшесі бойындағы нөмірі №47-ші бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы балкон өртенген. Өрт содан бөлмеге өтіп кеткен. 16 сағат 41 минутта өрт толығымен сөндірілді. Тілсіз жауды жоюға 4 арнайы техника мен жеке құрамнан 20 адам жұмылдырылды. Өрттің аумағы 8 шаршы метрді құрады", - деді С. Баймұханбетова.

Сондай-ақ, өрт сөндіру барысында тұрғын үйден барлығы 30 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды. Олардың ішінде 5 бала бар.  Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала деректер бойынша, өрттің орын алуына балкондағы киімдердің тұтануы себеп болуы мүмкін.

Қазір өрттің шығу себептері анықталу үстінде. 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!