Ақтауда тамақтан уланған 15 жасар қыз көз жұмды

Фотография - Ақтауда тамақтан уланған 15 жасар қыз көз жұмды

14 қазанда алдымен 15 жасар қыз бала, сонан соң оның 10 жасар інісі мен әкесі өздерін нашар сезіне бастаған.

249 0

Бұл туралы Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау департаментінің басшысы Руслан Бектібаев хабарлады. 

"14 қазанда алдымен 15 жасар қыз бала, сонан соң оның 10 жасар інісі мен әкесі өздерін нашар сезіне бастаған. Барлығының ауру белгісі бірдей – 7-10 ретке дейін құсқан. Ал 15 қазанда анасы қызын ұйқысынан оята алмаған соң, медициналық жәрдемді шақырған. Өкінішке қарай, қыз бала дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған екен. Оның ағзасы уға қарсы тұра алмаған. Ер кісі мен 10 жасар бала ауруханаға жеткізілді", - дейді Р.Бектібаев. Эпидемиологиялық зерттеудің алдын ала қорытындысы бойынша, улануға консервіленген азық-түліктің дұрыс сақталмағандығы себеп, деп жазады Mangystau Online.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!