ОҚО-да полицейге пара бермек болған жүргізушіге айыппұл салынды

Фотография - ОҚО-да полицейге пара бермек болған жүргізушіге айыппұл салынды

Бұл заңсыз іс-әрекеттерді тәртіп сақшылары бейнетаспаға түсіріп алған

307 0

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал АІІБ-ның жол-патрульдік полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында пара бермек болған көлік жүргізушісіне айыппұл салды.

Полиция қызметкерелрі Жетісай қаласындағы көшелердің бірінде мемлекеттік тіркеудегі нөмірін тақпаған, жарығы қосылмаған маркасы «Фольцваген-Пассат» автокөлігін тоқтатқан.

Полицейлер жол жүру ережесін бұзған көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтыру барысында, 32 жастағы азамат жол патрульдік полиция қызметкерлеріне хаттама рәсімдемеу үшін заңсыз сыйақы ретінде мың теңге ұсынған. Алайда, полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыға бірнеше рет заңсыз іс-әрекеттеріне жауаптылығы туралы ескерткен. Бұл заңсыз іс-әрекеттерді тәртіп сақшылары бейнетаспаға түсіріп алған.

Қазіргі таңда соттың шешімімен «Фольцваген-Пассат» автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 676 – «Жеке тұлғалардың заңсыз сыйақы беруі» бабымен кінәлі деп танылып, тәртіп бұзушыға 200 айлық есептік көрсеткіш (400 мың теңгеге жуық) мөлшерінде айыппұл салынды.


 Bnews.kz


Тегтер:

пара полиция

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!