ҚР ІІМ Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша тергеу жүргізуде

Фотография - ҚР ІІМ Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша тергеу жүргізуде

ҚР ІІМ Наркобизнеспен күрес департаментінде Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі туралы айтып берді

581 0

ҚР ІІМ Наркобизнеспен күрес департаментінің бастығы Сұлтан Күсетов ҚХР-де өмір бойы бас бостандығынан айырылған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі ьуралы айтып берді, деп жазады Today.kz. 

"Әрине, бұл біз үшін де керекті ақпарат. Біз қазір Ақжарқынның ол азаматтармен қалай танысқанын, олар немен айналысып, не мақсатпен бұл жақтан кеткенін қарастырып жатырмыз. Басқа мемлекетердегі әріптестермен бұл мәселені қарастырудамыз", - деді Сұлтан Күсетов "Көкнәр-2015" жедел алдын алу операциясының нәтижелерін қортындылау барысында. Сонымен бірге, ол шетелдік әріптестерді қызықтыратын барлық мәселелер бойынша ҚР құқық қорғау органдары көмегін беріп жатқанын айта кетті.

Оның мәліметінше, бүгінде бұл қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары және барлық шаралар жүргізілуде.

Естеріңізге салсақ, 20 жасар қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу қаласының әуежайында есірткі заттарын кондтрабандасы айыбымен ұсталған болатын. Қыздың жүгінен төрт килограмм амфитамин табылған болатын. Алайда қыздың туыстары Ақжарқын Қытайға сәнді киімнің курьері ретінде кеткенін айтады. Тұрлыбай өз кінәсін мойындаған жоқ, оның айтуынша, есірткіні оған Алматыдағы түнгі клубта бірге істеген адамдар білдірмей салып жіберген.

2015 жылдың 15 маусымында Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойы бас бостандығынан айырған. Қазіргі кезде сотталушы қазақстандықтың жағы апелляциялық соттың қарастыруын күтуде.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!