Ақмола облысында резеңке қайықпен аударылған екі аңшы суға батып кетті

Фотография - Ақмола облысында резеңке қайықпен аударылған екі аңшы суға батып кетті

Келеңсіз жағдай 18 қазан күні орын алды

334 0

Ақмола облысында резеңке қайықпен аударылған екі аңшы суға батып кетті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Келеңсіз жағдай 18  қазан күні таңғы уақыт 10:30 минут шамасында Бурабай ауданының Балықты көлінде орын алған.  Құс атуға шыққан 1953 және 1983 жылғы әкелі-балалы Алексей Кондрашов пен Александр Кондрашов мінген резеңке қайық аударылып,  екеуі де суға батып кеткен.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД «Жедел құтқару отряды» ММ-нің жеке құрамынан 4 адам және 1 арнайы суда жүзу техникасы, Бурабай аудандық ТЖБ 1 адам және 1 арнайы суда жүзу техникасы,  Бурабай аудандық ІІБ 4 адам және 1 техника жұмылдырылып,  араға 6 сағат салып, аңшылардың денесі судан шығарылды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!