Хоккейшінің әйелін өлтірген деп күдіктелген азаматтар Өскеменде ұсталды

Фотография - Хоккейшінің әйелін өлтірген деп күдіктелген азаматтар Өскеменде ұсталды

Полицейлер күдіктілердің ізіне түсіп, тұтқындаған. Жақын уақытта оқиғаның толық мән-жайы хабарланатын болады.

253 0

Өскемендік "Торпедо" хоккей клубының ойыншысы Евгений Фадеевтің әйелі Мария Фадееваны өлтірді деген күдікпен полицейлер бірнеше адамды қамауға алды деп хабарлайды YK-news.kz.

“Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 тармағы бойынша (кісі өлтіру) іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде”, – дейді ШҚО ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев.

Оның айтуынша, полицейлер күдіктілердің ізіне түсіп, ұстай алған. Жақын уақытта оқиғаның толық мән-жайы хабарланатын болады.

Естеріңізге салайық, 14 қараша күні Мария Фадееваның өлі денесі өзі тұрған Славский жағалауындағы №64/1 үйден табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша, жас әйелді қаскөйлер тонау мақсатында өлтірген.



BAQ.KZ



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!