Шекарашылар елік пен шаян аулағандардың жолын кесті

Фотография - Шекарашылар елік пен шаян аулағандардың жолын кесті

Көлігінен 20 келіге жуық елік еті табылды

356 0

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мамандары кешегі апта бірнеше контрабанданың жолын кесті деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

18 қазан күні Қостанай шекара отрядына қарасты «Обаған-авто» көліктік бақылау бекетінде шекара наряды Қазақстаннан Ресейге қарай "ГАЗ-3110" автокөлігімен кетіп бара жатқан азаматты ұстаған. Оның көлігінен 20 келіге жуық елік еті табылды. Күдікті дереу полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Сонымен қатар, дәл осы күні Орал шекара отрядының «Тасқала-авто» көліктік шекаралық бақылау бөлімшесінін қызметкерлері кешкі сағат 21.00-де "Лада" жеке автокөлігін тоқтатты. Көлікті тізгіндеген Қазақстан азаматы Ресейге заңсыз жолмен 10 келіден астам (367 дана) тірі өзен шаяндарын алып өтпек болған. Ұсталған азамат аудандық полиция бөліміне тапсырылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!