Ақтауда жасөспірімдер ел көзінше қоянды қинаған

Фотография - Ақтауда жасөспірімдер ел көзінше қоянды қинаған

Ақтауда тағы да жануарларды қорлаудың фактісі тіркелді

599 0

Жануарларды қорлаудың жаңа фактісі Ақтауда тіркелді, деп жазады Today.kz

Куәгерлер 9 бен 14 жас аралығындағы балалардың қоянды қалай қинағанын айтып берді. Оны мойнына капрон колгткамен байлап, жермен сүйреп, итке бермек болған. Кейін жануарды қоршауға іліп, таяқпен соққылаған.

"Мен мұны өз тереземнен көрдім. Оларға тоқтатсын деп айқайладым, бірақ пайдасыз. Жануарды құтқармақ болып, далаға жүгіріп шықтым, алайда кеш болды. Бұл балалар №20 орта мектепте оқиды, мен міндетті түрде учаскелік инспекторге шағымданамын. Мұндайды тоқтату керек. Біздің ауданда балалар мысықтарды, иттерді, құстарды қинайды. Тіпті үй жануарымен шығуға болмайды, менде декоротивті ит бар олар оған тас лақтырады. Ата-анасымен сөйлесу нәтижесіз, олар балаларының ісі дұрыс екенін, кінәлі жануар асырайтын өздеріңіз деп айтады", - дейді Ақтау тұрғыны Диляра.

Куәгерлердің айтуынша, бұл 18 қазан күні 28 ықшамаудандағы "7 небо" бизнес орталығының маңында болған. Орталық қызметкері жағдайды бейнетаспаға жазып алған. Қала тұрғындары өскелең ұрпақтың психологиялық жағдайына алаңдаушылық білдірді.

Естеріңізге салсақ, бұл Ақтаудағы алғашқы жағдай емес. Мұның алдында жасөспірімдер үй жануарын қинап, жаны ашығандарға сатып алуды ұсынған. Ол үшеуінің жеке тұлғаларын полицейлер анықтаған. ІІД жасөспірімдерге бұл үшін қылмыстық жаза күтетінін айтты.

Назар аударыңыз! Бейнеде қатыгездік пен зорлық көріністері бар.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!