Қарағанды облысында браконьерлер бірнеше киік мүйізімен ұсталды

Фотография - Қарағанды облысында браконьерлер бірнеше киік мүйізімен ұсталды

Көлікті тінту кезінде 12 калибрлі қару, киіктің 38 мүйізі мен жануардың мүшелеп бөлінген еті табылды

271 0

Қарағанды облысы Нұра ауданында браконьерлер бірнеше киік мүйізімен ұсталды, деп хабарлады аймақтық ІІД баспасөз қызметінен.  

"Нұра аудандық ІІБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен «Охотзоопром» инспекторлары бірлескен рейд шарасы барысында Баршын ауылының маңында 40 жастағы Ақмола облысының тұрғыны басқарған «Ауди» көлігі тоқтатылды. Салонда екі жолаушы, Нұра ауданының тұрғындары болған.  Көлікті тінту кезінде 12 калибрлі қару, киіктің 38  мүйізі мен жануардың мүшелеп бөлінген еті табылды", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК  337 бабы 4 бөліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!