Атырауда ИМ жақтасы 8 жылға темір торға қамалды

Фотография - Атырауда ИМ жақтасы 8 жылға темір торға қамалды

23 жастағы қала тұрғынына 8 жыл жалпы режімдегі колонияға қамау туралы үкім кесті.

282 0

Атырауда сот террорлық ұйымға қатысы бар деген айып тағылған 23 жастағы қала тұрғынына 8 жыл жалпы режімдегі колонияға қамау туралы үкім кесті.

"Сотталушы ҚР ҚК-ның шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін, терроризмді насихаттағаны және адамдарды тарту ісімен айналысқаны үшін жаза тағайындауды қарастыратын бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды. Жас жігіт Египетке барып, араб тілін үйренген. Білім алып жатқан уақытта ол үнемі Сирияда соғысып жатқан адамдармен интернет арқылы байланыста болған. Оқуын бітірген соң ол Түркия арқылы Сирияға аттанған. Ол жерде ол "Ислам мемлекеті" содырлық тобы құрамында соғысып жатқандарға қосылуы тиіс болған. Алайда түрік шекарашыларының қолына түскен. Осыдан соң Түркия билігі оны Қазақстанға жөнелту туралы шешім қабылдаған. Елге жеткен соң оның сот алдында ісі үшін жауап беруіне тура келді", - делінген облыстық соттың хабарламасында.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!