Алматыда сауда үйіндегі жаппай төбелеске қатысушылар анықталды

Фотография - Алматыда сауда үйіндегі жаппай төбелеске қатысушылар анықталды

Жаппай төбелестің бейнеролигі ғаламторда жарияланды

315 0

Алматы полициясы қаладағы сауда ойын-сауық орталығында болған жаппай төбелеске қатысушылардың жеке тұлғаларын анықтады, деп жазады Today.kz  қаланың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Төбелес түсірілген бейне өткен түні Желіде пайда болған. Instagram-дағы ztb_video қоғамдастығында жарияланған бейнероликте он шақты ер адамның төбелесіп жүргені көрінеді. Олардың бірі қолына орындықта алып, онымен қарсыластарын ұруға дайын жүр.

Алматы ІІД қызметкерлері заңға қайшы әрекетті тексерді.

"Оқиға болған жер бірден анықталды. Оқиғаның өзі 18 күні түнде болған. Ғимараттың екінші қабатындағы кафе күзетшілері мен олардың таныстары төбелескен. Сауда үйінің қауіпсіздік қызметінің түсіндіруінше, конфликт бірнеше минуттан кейін өз күштерімен тиылды, сол себепті полицияға хабарланбады", - дейді Бостандық ауданының ІІБ бастығы Берік Әбілбеков.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Болған оқиға бұзақылыққа жатқызылды (ҚР ҚК 293-бабының 2-тармағы). Төбелеске қатысушылардың жеке тұлғасы анықталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!