БҚО-да екі күнде өрттен төрт адам қаза болды

Фотография - БҚО-да екі күнде өрттен төрт адам қаза болды

Бұл екі өрттің шығу себептері, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

195 0

Батыс Қазақстан облысында екі күнде өрттен төрт адам қаза болды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 17 қазан күні сағат 23.20-да Шыңғырлау ауданы орталығы Шыңғырлау ауылында пештің жұмыс жасамауы салдарынан 1928 жылғы ер адам мен 1930 жылғы әйел газдан уланып, оқиға орнында көз жұмды. Олардың мүрделері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Бір күннен кейін, 18 қазанда сағат 11.00-де Жәнібек ауданы орталығы Жәнібек ауылында өз үйінен еш жерде жұмыс жасамайтын 1977 жылғы А. деген азаматтың мүрдесі табылды. Ол үйде жалғыз болған. 15 шаршы метрді қамтыған өрттен жеке заттары, жиһаз, үйдің төбесі жанып кеткен.

Сол күні сағат 21.31-де осы ауданның Тау ауылында екі пәтерлік үй өртенген. Өрт аумағы - 60 шаршы метр. Оқиға орнынан 2000 жылғы Е. деген қыздың денесі табылды.

Бұл екі өрттің шығу себептері, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері 666 өрт тіркеліп, 16 адам қаза тауып, 20 кісі зардап шекті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!