Жамбыл облысында балықшы көлге батып кетті

Фотография - Жамбыл облысында балықшы көлге батып кетті

4 сағатқа созылған іздестіру барысында ер адам табылып, судан шығарылды

454 0

Талас ауданында суда жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

"Қаратау қаласынан бес шақырым жерде орналасқан көлге балық аулап отырған кезде осы қаланың 45 жастағы тұрғыны батып кетті, делінген ведомство хабарламасында. - Іздеу жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына ТЖД "Жедел құтқару жасағы" ММ-інен сүңгуірлер тобы жіберілді. Қажетті жабдықтармен жарақталған "УАЗ" автокөлігімен жеті адам келіп жетті».

4 сағатқа созылған іздестіру барысында ер адам табылып, судан шығарылды, марқұмның денесі Талас ауданы ІІБ полиция қызметкерлеріне табысталды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!