Бұрынғы әйелін өртеп жіберген Саудов кінәсін мойындамауда

Фотография - Бұрынғы әйелін өртеп жіберген Саудов кінәсін мойындамауда

Сотталушы алқа сотынан бас тартты

172 0

Астанада мұғалімді өртеу ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті, деп хабарлайды Today.kz.

Қанат Саудовқа ҚР ҚК 99-бабының 5-тармағының 2 тармақшасы бойынша "Аса қатыгездікпен басқа адамды қасақан өлтіру" бойынша айып тағылған.

Астанадағы Арнайы ауданаралық қылмыстық істер бойынша сот тыңдауы кезінде айыпталушы тағылған айыпты мойындамайтынын және кінәлі еместігін айтады.

"Мен кінәлі емеспін. Мен айыппен келіспеймін. Қылмыс жасаған жоқпын. Тағылған айыпты мойындамаймын", - деді Қанат Саудов.

Сондай-ақ, сотталушы алқа сотынан да бас тартты.

Сонымен бірге, ол туралы орта техникалық білімі бары, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, жүк тасымалымен айналысқаны және дара кәсіпкерлігі бары белгілі болды.

Естеріңізге салайық, осы жылдың мамыр айында Қанат Саудов № 25  мектептің маңында өзінің бұрынғы әйеліне бензин құйып, өртеп жіберген. Әйел алған жарақаттардан ауруханада көз жұмған. Саудовтың өзі қашып кетіп, халықаралық іздеуге салынды. Ол үш ай бойы іздестіріліп, кез келген ақпарат берушіге ақшалай сыйлық тағайындалған болатын. 14 қыркүйекте Саудов ұсталған болатын. Ол туыстарының жер төлесінде арнайы жасалған орында жасырынып жүрген. ІІД хабарлағандай, бұл әрекеті үшін туыстары қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!