Өскеменде ер адам мектеп жанындағы ағашқа асылып қалған

Фотография - Өскеменде ер адам мектеп жанындағы ағашқа асылып қалған

Кеше Өскемен тұрғындары Сәтбаев даңғылындағы №24 орта мектептің жанында ағашта асылып тұрған адамның мүрдесін анықтады

459 0

Кеше Өскемен тұрғындары Сәтбаев даңғылындағы №24 орта мектептің жанында ағашта асылып тұрған адамның мүрдесін анықтады. Полицейлер оны шешіп, мүрдені сараптамаға жіберді.

Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, оқиға таңертең шамамен сағат 6:45-те орын алған.

«№24 мектептің жанында азиялық түр-сипаттағы шамамен 45-50 жас аралығындағы белгісіз ер адамның мүрдесі анықталды. Ол ағаш бұтасына асылып, қайтыс болған. Қазіргі уақытта оның кім екені және өлімінің нақты себебін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде», - деп хабарлады Өскемен ІІБ-ның баспасөз қызметінен.

Мектептен сабаққа бара жатқан кейбір оқушылар, өкінішке қарай, ағашта асылып тұрған адамның мүрдесін көргенін айтып отыр. Оқу мекемесі қызметкерлерінің ақпаратынша, өз-өзіне қол жұмсаған адамның мектепке еш қатысы жоқ.


YK-news.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!