Біреудің пішенін қасақана өртеп жібергені үшін 4 жылға сотталды

Фотография - Біреудің пішенін қасақана өртеп жібергені үшін 4 жылға сотталды

Бейбітшілік көшесі 1-үйде тұратын тұрғынның 3 мың бума пішенін қасақана от қойып, өртеп жіберген

281 0

Жәнібек аудандық сотының үкімімен Тау ауылының тұрғыны ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі, 202-бабы 2-бөлімі 1-тармағымен айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғын Бейбітшілік көшесі 1-үйде тұратын тұрғынның 3 мың бума пішенін қасақана от қойып, өртеп жіберген. Сөйтіп жәбірленушіге 540 мың теңге залал келтірген. Сол түні қылмыстық іс-әрекетін жалғастырған қаскөй сағат 02.00 шамасында тағы бір үйге кіріп, 25 мың теңгені жымқырған.

Сот талқысында сотталушы өз кінәсін мойындамағанымен, айыбы іс айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәлардың сөзімен дәлелденді.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!