Қарағандыда астыртын покер клубы жойылды

Фотография - Қарағандыда астыртын покер клубы жойылды

Мекемеден ойын фишкалары, карталар және бейнебақылауға арналған жабдықтар алынды

155 0

Қарағандыда полицейлер астыртын покер клубтың қызметін тоқтатты, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

"Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы және мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жедел шараларды өткізу кезінде Қарағанды аудандарының бірінде дәмханадағы астыртын покер клубының қызметін тоқтатты. Мекемеден ойын фишкалары, карталар және бейнебақылауға арналған жабдықтар алынды", - делінген хабарламада.

Дәмхананың иесі ғимаратты жалға бергенін түсіндірді. Полицейлер оны  жалға алған адамды  анықтады, ол Қарағандының 32 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 307 бабы бойынша («Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!