Ақмола облысында ер адам полиция көлігінде асылып қалған

Фотография - Ақмола облысында ер адам полиция көлігінде асылып қалған

Есіл ауданының АІІБ қызметкерлерінің қызметтік көлігінде 1965 жылы туылған азамат өз-өзіне қол жұмсады

240 0

Есіл ауданының АІІБ қызметкерлерінің қызметтік көлігінде 1965 жылы туылған азамат өз-өзіне қол жұмсады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, отбаслық кикілжіңге байланысты тәртіп сақшыларын марқұммен бірге тұрып келген 1971 жылы туылған азаматша шақыртқан. Кейін жедел жеткен топ құқықбұзушыны құрықтайды. Жол жөнекей бөлімге келіп түскен тағы бір шағыммен өзге мекенжайға барған тәртіп сақшылары бұзақыны қызметтік көлікте қалдырып кеткен. Қайтып келгенде ер азамат бәтіңкесінің бауына асылып қалған. Қазіргі кезде Ақмола облысының ІІД тексеріс жүргізіп жатыр.



24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!