Шымкентте екі үй мен бір автокөлік түгелдей өртеніп кетті

Фотография - Шымкентте екі үй мен бір автокөлік түгелдей өртеніп кетті

Оқиға орнына өрт сөндірушілермен бірге полиция қызметкерлері және жедел жәрдем келіп жетті

218 0

Шымкенттегі Сайрам тұрғын алабындағы Абай көшесінде орналасқан сарайдың шатыры өртенуінен екі бірдей тұрғынүй мен жеңіл автокөлік өртеніп кетті деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына өрт сөндірушілермен бірге полиция қызметкерлері және жедел жәрдем келіп жетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тек, қатар орналасқан екі үй мен бірінің ауласында тұрған "Лексус" маркалы автокөлік дымға жарамай қалды. Сонымен қатар, сарай мен бастырма астына жиналған азық-түліктен де түк қалған жоқ.

Оқиғаның себеп-салдарын анықтаумен ОҚО ІІД қызметкерлері айналысуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!