Қарағандыда депутаттың 2 миллион теңгесін ұрлап әкетті

Фотография - Қарағандыда депутаттың 2 миллион теңгесін ұрлап әкетті

Төлеген Әшімовтің автокөлігінен белгісіз біреулер 2 миллион теңгені ұрлап әкеткен

281 0

Қарағандыда облыстық мәслихаттың депутаты Төлеген Әшімовтің автокөлігінен белгісіз біреулер 2 миллион теңгені ұрлап әкеткен. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, "Егемен Қазақстан" хабарлады.

"Шахтер" стадионына келген депутат машинасын сол жерде қалдырып, біраз уақыттан кейін қайтып келгенінде суық қолды біреулердің көлігінің жақтау терезесін сындырып, ішіндегі ірі көлемдегі ақшаны алып кеткенін байқаған. Депутат дереу полиция шақырғанымен, ұрыларды ізін суытпай ұстаудың әзірге орайы келмеді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!