Ахметов ісі: прокурор куәгерлердің бірін қылмыстық жауапқа тартуды талап етті

Фотография - Ахметов ісі: прокурор куәгерлердің бірін қылмыстық жауапқа тартуды талап етті

Анар Мақсұтова Қарағанды экс-әкімі Мейрам Смағұловтың үстінен жалған куәлік бергені туралы айтқан болатын.

640 0

Қарағанды қалалық сотында экс-премьер Серік Ахметов пен өзге де жоғары шенді қызметте болған күдіктілердің үстінен жүргізіліп жатқан сот процесі жалғасуда. Бүгін алтыншы эпизод бойынша өткен тыңдауда куәгер Анар Мақсұтовамен жүргізілген сұрақ-жауаптың бейненұсқасы көрсетілді. Бұған дейін аталған куәгер өзіне қысым көрсетілгеннен кейін сот залында Қарағанды экс-әкімі Мейрам Смағұловтың үстінен жалған куәлік бергені туралы айтқан болатын.
"12 қараша күні куәгер Кокушевтен жауап алынды. Ол "Ютекс" ЖШС қызметкері Мақсұтованың "Мәңгі алау" мемориалы орналасқан гүлзарды абаттандыру үшін жариялануы тиіс байқаудың бағасы асыра көрсетілген талаптары мен техникалық сипаттамасын алып келіп, байқауды "Ютекс" компаниясы жеңуі керектігін айтты" деді куәгерлерден сұрақ-жауап алған тергеуші Бұлан Рахымжанов.
"Мен Мақсұтова мен қорғаушы Журавлевке хабарластым. Уақытын келіскеннен кейін олар 2014 жылдың 28 желтоқсанында жемқорлықпен күрес департаментінің ғимаратына келді. Мен оларды үшінші қабаттағы өз кабинетіме алып келдім. Үшеумізден өзге кабинетте ешкім болған жоқ. Жаңа жыл мерекесінің қарсаңы болғандықтан Мақсұтова бізді мерекемен құтықтап, адвокат Журавлевке қораптағы шоколад сыйға тартты. Сұрақ-жауап кезінде Мақсұтова өз еркімен, ешқандай қысымсыз куәлік берді. Ал, жауап алар алдында оған оның құқықтары таныстырылды" - деді тергеуші.
Оның айтуынша, куәгер хаттаманың әр бетіне өзі қол қойып, келісетінін айтқан.
"Тергеу барысында белгілі болғандай, Мақсұтова Кокушевпен расында да жолыққан. Оған өз дауысы жазылған аудиофонограмманы ұсындық. Ол тыңдап, оның түпнұсқа екенін растады. Бұл тергеудің Смағұловқа қатысы жоқ" - деді Б.Рахымжанов.
Сотта көрсетілген бейнекадрда расымен де Мақсұоваға ешқандай қысымның жасалмағанын анық көруге болады. Жауап алу барысында ол кейбір сұрақтарға жауап беруден бас тартып отырған. Ал, осы бейнежазбаны көріп болғаннан кейін прокурор куәгер А.Мақсұтованың үстінен жалған куәлік бергені үшін қылмыстық іс қозғауды сұрады.

Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!